Қызылорда облысында қатты желден көппәтерлі 2 тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті

Сурет: gov.kz
6 шілде күні соққан қатты желдің әсерінен Қызылорда облысы Жалағаш ауданында бірнеше ғимарат бүлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, табиғи оқиға салдарынан көппәтерлі 2 тұрғын үйдің шатыры ұшып, сол жердегі 2 көлікке құлаған. Сондай-ақ, жақын маңда орналасқан электр бағаналары да үзілген.

Облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Нұрбол Исанов қазіргі таңда шығын көлемі есептеліп жатқанын айтты.

Қатты желдің салдарынан тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени нысандардың шатыры ұшып, коммуналдық қызметтердің жұмысы уақытша тоқтап қалды. Дегенмен оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Нұрбол Исанов

ТЖД өкілінің айтуынша, үзілген электр желілері қайта қалпына келтіріліп, коммуналдық қызметтер жұмыс істеп тұр.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Менің жаңалығым осы еді". Димаш TikTok-та тікелей эфирде отыр

Армияда қандай өзгерістер болады: Тоқаев әскери реформа жоспарын мақұлдады