Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және ағымдағы жылы өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып «Аrtsport» платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізуде.
Кейбір отандық БАҚ Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасай отырып, бүгін - 15 шілдеде Аrtsport жобасының қаражатын жымқыру ісі бойынша айыпталған Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қамауға алынғаны туралы жалған ақпарат таратты. Бұл ретте аталған басқарманың басшысы болып табылмайтын, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары және басшысы міндетін атқарушы басқа адамның дербес деректері жарияланып кетті. Ал басшы лауазымы әлі кандидатура табылмағандықтан бос тұр.
БАҚ-та тұтқындалған адам Жүнісов Дамир Дәулетұлы екені атап көрсетіледі, ал шын мәнінде ол Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін 2022 жылғы 7 маусымнан бастап атқарып келеді әрі оның Аrtsport жобасының қаражатын ұрлау ісіне түк қатысы жоқ.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және ағымдағы жылы өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып «Аrtsport» платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Департаменттің іс жүргізуінде 10 миллион теңге шамасында «Аrtsport» ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі фактісі бар. Соттың санкциясымен басқарма басшысы қамауда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, делінген хабарламада.
Дамир Жүнісов Zakon.kz редакциясына осы жайтқа қатысты түсініктеме берді. Ол Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қызметін атқаратыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сәйкесінше, Аrtsport жобасының қаражатын ұрлау ісі бойынша қамауға алынбаған.
Жүнісовтың айтуынша, ол биылғы жылдың 7 маусымынан бастап басшының міндетін атқарушы болып жұмыс істейді. Ал басшы лауазымы, әзірге бос тұр.
Сондай-ақ Дамир Жүнісов алдыңғы басшыны танымайтынын, ол туралы жеке деректерден қанық емес екенін жеткізді.
Ал тергеу шаралары өтіп жатқанын, өзімнің күдікті ретінде ұсталғаным туралы бүгін - 15 шілдеде БАҚ-тан білдім. Әрине, шатасу болған, өйткені алдыңғы басшы туралы мәліметтер жоқ, сондықтан олар менің фотосуретімді қойып, жеке мәліметтерімді пайдаланған. Facebook-тегі бұқаралық ақпарат құралдарынан фактілерді алдымен тексеріп алу керектігі туралы менің жазбамнан кейін көптеген баспасөз өкілдері өзіме шығып, кешірім сұрады және менің сөздерім арқылы ақпаратты дұрыстай алды. Шымкент қаласы мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Жүнісов
14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аrtsport жобасын іске асыру кезінде артық шығындар, алаяқтық және ашықтан ашық ұрлау болғанын айтты.