Нұр-Сұлтанның өрт сөндірушілері өрт ішінен екі баланы аман-есен алып шықты

Сурет: Instagram/nursultan_tjd
Төле би көшесіндегі үйлердің бірінде болған өрт ішінен өрт сөндірушілер екі баланы аман-есен алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт 15 шілдеде болған. Алтыншы қабаттағы пәтер өртеніп, тұрмыстық техника мен үй жиһаздары отқа оранды.

Өртенген пәтер ішінде қалып кеткен 2019 және 2021 жылғы балалардың мұрнына құтқару маскасын тағып, №6 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Абылай Өтегенов пен №4 ӨСБ командирі Бағдат Боханов эвакуациялады.

Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты. Өрт 14:23-те толығымен жойылды. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД-ның жеке құрамынан 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды