Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарын қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды

Сурет: primeminister.kz
Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК хабарлағандай, К.К. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге және басқаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі; 179-бабы, 3-бөлігі; 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы; 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы; 366-бабы, 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеу амалдары өз жалғастығын табуда.

Күзетпен ұстау мерзімі жеті айға дейін ұзартылды, атап айтқанда, Мәсімов пен Садықұловтікі 2022 жылдың 6 тамызына дейін, Ерғожиндікі 2022 жылдың 13 тамызына дейін. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Айта кетсек, 6 қаңтарда ҚР ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚР ҚК 175 – бабы, 1-бөлігі). Осыған байланысты Кәрім Мәсімов пен басқа да адамдар ұсталып, УҰИ-ға қамалды.

Сәуір айының соңында Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ҰҚК-ның бұрынғы төрағасының немере ағасы Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді қолға алғаны белгілі болды.

Қазақстан
ҰҚК
Мәсімов Кәрім

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Сарбаз жолы": БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді