"Сарбаз жолы": БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды

Сарбаз, БҚО, Орал, әскери борыш, 20 жас, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 19:32 Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Орал қаласындағы Жеңіс алаңында 20 жасты әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Айтулы шара Абай облысынан бастау алған "Адал азамат - Сарбаз - Отан қорғаушы" жобасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобының өкілдері, әскери қызметшілер мен ардагерлер, жастар және ата-аналар қатысты.

Бата, БҚО, Орал, әскери борыш, 20 жас, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 19:32

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі айбынды әскер мемлекеттің берік қорғаны екенін айтып, абыройлы борышын өтеуге аттанып бара жатқан бозбалаларға сәттілік тіледі.

"Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс қабілетін күшейту жөніндегі тапсырмасы өңірде де жүйелі орындалып жатыр. Отан қорғау – еліміздің қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен тыныштығын күндіз-түні қас қақпай күзеткен, сондай-ақ қазір әскери борышын адал өтеп жатқан азаматтардың ғана емес, барша қазақстандықтың қастерлі борышы. Бұл тұжырым халық болып қабылдаған жаңа Конституциямызда да айқын көрініс тапты", - деді Нариман Төреғалиев.
Нариман Төреғалиев, БҚО әкімі, Орал, әскери борыш, 20 жас, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 19:32

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары Амангелді Тоғысов әскери тәртіп, әлеуметтік кепілдік және мерзімді әскери қызметшілерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

Әскерге шақыру, БҚО, Орал, Нариман Төреғалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 19:32

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты шарада әскерге аттанғалы тұрған жігіттерге аға буын ақ батасын берді. Болашақ сарбаздарға жаңа Конституция жинағы тапсырылды. Бозбалалар ендігі кезекте Ұлттық Ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде бір жыл қызметте болады.

Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны қыркүйек айынан басталды. Науқан барысында 600-ден астам жасты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланған.

Әскерге шақыру, БҚО, Орал, Нариман Төреғалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 19:32

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: