Қызылорда облысының бұрынғы әкімі бостандыққа шықты

Сурет: e-kyzylorda.gov.kz
Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2020 жылғы 10 желтоқсанда сот Қуанышбек Ысқақовты алаяқтық және қоғамдық қордың 80 миллион теңгесін жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Кейін Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бұл мерзім 6 жылға дейін қысқартылды.

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, бұрынғы әкім келтірілген шығынды өтеп, сотқа жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға немесе бас бостандығын шектеуге ауыстыруды сұраған.

Осы құжат негізінде жазаның қосымша түрін өтеуден босатылмай, 3 жыл 11 ай 12 тәулікке дейін бас бостандығын шектеуге дейін қысқартылды. Оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады. Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі
Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді