Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Сағат 17: 42-де Жетісу-3 ықшам ауданында қайғылы оқиға орын алды. Құрылыс басында 1989 жылғы слесарь мерт болып, тағы бір жұмысшы жарақат алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына барлық күштер жұмылдырылды.

Полиция биік кранның техникалық жағдайын, онымен жұмыс істеуге кім және қашан рұқсат бергенін анықтайды.

Жедел-тергеу тобы тергеу шараларына кірісті. Тиісті сараптамалар жүргізіледі.

Instagram-дағы kris_p_press парақшасында хабарлағандай, бірнеше ай бұрын жақын маңдағы тұрғын үйдің терезелері мен балконына кран мұнарасы тиіп кеткен. Содан кейін, жергілікті тұрғындар шағымданып, іле-шала құрылыс жұмыстары тоқтатылған болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды