Үш баласы мен күйеуі бар келіншек тұрмысқа шығып, жұртты шулатты

Сурет: Zakon.kz/Михаил Ионов
Қызылордалық келіншек бойдақ жігітті алдап соқты. Үш баласы, заңды некедегі күйеуі бола тұра ол тұрмысқа шыққан. Қалың малын алған соң ол түрлі сылтау айтып, ізін суытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айлакер әйелдің  жасы – 23-те. Қулықты абысынымен бірігіп істеген көрінеді. Бұл туралы жігіттің туыстары әлеуметтік желіде жазған.  Бұл - бірінші жағдай емес, - дейді білетіндер. Қос келіншек бұны бұрыннан кәсіп қылып алғаны айтылады. Ауылда аңқау жігіт көп, соларды құрыққа түсіретін көрінеді, делінген Astana.tv жаңалықтарында.

Ал құзырлы органдар  бұл жағдайға қатысты арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментіне қарасты бөліністерде аталған дерек бойынша арыз-шағым және өтініштер тіркелмеген. Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы