Пышақпен қорқытып, ұрып-соққан: Алматыда қарақшылық жасаған жас жігіттер ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда пышақпен қаруланған жастар өтіп бара жатқан адамдарды тонаған. Тәртіп сақшылары қылмыстық топтан жапа шеккендер болса, хабарлауды сұрайды, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Төрт жасөспірімді полиция қамауға алды.

Олар заңсыз баю мақсатында пышақпен қорқытып, өтіп бара жатқан адамдарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен басқа да мүліктерін тартып алған.Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, қылмыстық квартет саябақтар мен халық көп жиналатын жерлерде жүрген. Олар қорғансыз адамдарға түнгі уақытта ғана шабуыл жасаған.

Олар ұсталып, қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады.Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев

Қазір ұсталғандардың жалпы Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Күдіктілердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерді тәртіп сақшылары Медеу аудандық ПБ-ға мына телефон нөмірлері арқылы хабарлауды сұрайды: 8 (727) 254-48-02; 8-702-476-66-60.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді