Қостанай облысында жанармай талондарын заңсыз сатқан – шығын 18,5 млн теңге

Сурет: Zakon.kz
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті жанар-жағармай талондарын үшінші тұлғаларға заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомство таратқан мәлімет бойынша, бұрынғы басшы 2020 жылғы қазаннан 2021 жылғы желтоқсанға дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 млн.теңге материалдық залал келтірген.

Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сонымен қатар ол барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылауға алынды.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін