Қостанай облысында жоғалған қызға шар байланған сусындар қалдырылып жатыр

Сурет: Жедел штаб
Қостанай облысында жоғалған қыз әлі табылған жоқ. Жедел штаб азық-түлік пен сусынға шар байлап, тастап кету туралы шешім қабылдады. Бұл бір жағынан, іздеу жүйелеріне арналған сигналдық белгі болса, екінші жағынан, қыздың назарын аударуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер әр алқапта осы процесті бақылайтын бақылаушылар бар екенін мәлімдеді.

Іздеу жұмыстары Жамбыл ауылы – Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы, Самир ауылы бағыттарында жүруде. Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Кешкі алтыдан кейін баланы іздеуге көмекке келген Рудный дельтаклубының нұсқаушылары алаңдарды жоспарлайды.

8 тамызда құтқарушылар қызды жүгері алқабынан байқағанымен, одан қайта көз жазып қалды. Бүгін сол маңнан тістелген жүгері собығы табылып, сараптамаға жіберілді.

Еске салсақ, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамыз күні таңертең бес жасар қыз жоғалып кетті. Баланы 18 бен 13 жастағы екі үлкен әпкесі ұарап қалған. Олар таңертең оянғанда кіші қыз үйде жоқ екенін байқаған.

Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты