Қайырбек Өскенбаев мәлімдеме жасады

Сурет: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) басшысы Қайырбек Өскенбаев өз атынан азаматтарға қоңырау шалатын алаяқтар барын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Достар! Қазіргі таңда алаяқтардың әртүрлі амал-тәсілдері көбейіп кетті. Әлбетте, кез-келген адам олардың арбауына оңай түсіп қалуы мүмкін. Мәселен, кешеден бері кейбір әріптестеріме «менің атымнан» бейтаныс адам хабарласып, басшылық қызметке тағайындау бойынша ұсыныс жасап, аталған ұсыныстан бас тартқан жағдайда және белгілі бір сома бермесе істеп жүрген жұмысынан шығарылатынын алға тартқан. Сонымен қатар алаяқтар басшылық лауазымға тағайындау үрдісі көп уақытты талап ететінін ескертіп, жедел жауап беруді сұраған, - деді министр.

Сондай-ақ ол әріптестері мен достарын бос арандатушылыққа бой алдырмай, сақ болуды сұрайды.

Осы ретте басшылық лауазымдарға тағайындау қоңырау шалу арқылы емес, алдымен конкурстық іріктеу негізінде, одан кейін тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша жүзеге асырылатынын ерекше атап өткім келеді. Қайырбек Өскенбаев

Ол осындай жағдайға тап болғандардан жеке өзіне хабарласуды немесе Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысының жекесіне жазуды сұрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі