ШҚО-да жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды

Сурет: ШҚО Полиция департаменті
Шығыс Қазақстан облысында жоғалған бала табылды. Баланың жағдайы жақсы. Оны Арнайы жедел әрекет ету отряды қызметкері тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іздестіру шаралары барысында көпір маңындағы шұңқырдан бала табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр, кейін ол ата-анасына беріледі.Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті

Еске сала кетейік, 14 тамызда 2010 жылы туған кәмелетке толмаған Ахмеджанов Темірлан Тимурұлын іздеуге көмектесу туралы өтініш түскен еді. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, баланың жоғалып кеткеніне 10 сағаттан астам уақыт өткен соң туыстары полицияға хабарласқан.

Темірлан 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында саяжай аумағында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Баланың анасы түнде оянып, оның жоғалып кеткенін байқаған. Бала аутист, сөйлемейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін