Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері көліктерді заңсыз тіркеген

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін көліктерді мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы мен Алматы облысы бойынша Полиция департаменті процессингтік орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды.

Аталған тұлғалар жүйелі түрде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлемей, ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Агенттік 14 тамызда тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынғанын хабарлады.

Тергеудің осы кезеңінде республика бойынша көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталып, осыған байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің және басқа өңірлерден полиция қызметкерлерінің қатысуы тексеріліп жатыр.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі

Сонымен қатар департамент сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғаға құқықтық баға берілетінін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі