Алматы облысында жол апатынан әйел мен 12 жастағы қыз қайтыс болды

Сурет: Zakon.kz
Жол-көлік оқиғасы бойынша полицейлер «Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірқатар сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының 109-шақырымында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai Sonata және Daewoo Nexia жүргізушісі тас жолдың бойымен шығыс бағытта Шелекке қарай кетіп бара жатқан. Hyundai-дың жүргізушісі жолағын ауыстырып, ұзақ бұрылыстан кейін ол Daewoo-ға алдыңғы оң жағымен соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Екі жүргізуші де тізгінге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Сәлден соң Hyundai жүргізушісі көлікті жолға шығарған, ал Daewoo жүргізушісі шұңқырға ұшып кетіп, 30 метрдей жер дөңгелеп барып, тоқтаған.

Оқиға салдарынан әйел адам мен он екі жастағы қыз көз жұмды.

Сурет: Zakon.kz

Алматы облысы полиция департаменті жол апаты сағат 13:40-та болғанын хабарлады. Hyundai көлігінің рөлінде 27 жастағы жігіт болған. Осы оқиғаға байланысты полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, бірқатар сараптама тағайындалды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді