Алматы облысында жоғалған жасөспірім әлі табылмады

Сурет: polisia.kz
Алматы облысына қарасты Жібек жолы ауылында жоғалған 15 жастағы Айдостың із-түссіз кеткеніне үш аптаға жуықтады. Ол күндіз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде полиция қызметкерлері төңірек пен жазықтың бәрін дерлік қарап шықты, іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылған, деп мәлімдеді Almaty TV арнасының тілшісі.

Баланың жоғалғанын туыстары полицияға бірден хабарламаған.

Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдиннің айтуынша, туыстары баланы өз күшімен іздеп, 18 күннен кейін ғана арыз жазған.

Себебі бұған дейін де өзі кетіп, оралатын. Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Егер де Балмағанбетов Айдос жайында қандай да бір мәлімет білсеңіз, полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды