Әкелі-балалы екеу Жайық өзеніне батып кетті

Сурет: Instagram/atyrau_tjd
Қайғылы оқиға 25 тамызда кешке таман орын алды. Сағат 16:08-де облыстық ТЖД-ға ПД кезекші бөлімінен Жайық өзенінде ер адам мен баланың суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шақырту орнында құтқарушылар сағат 16:16-да келіп жетті. Бірақ, өкінішке қарай, бәрі кеш болып кетті, сондықтан ТЖД қызметкерлеріне суға кеткендердің денесін іздеуге тура келді. 1995 жылғы ер адам мен 2013 жылы туылған бала суға кетіп, қаза тапты.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сағат 16:35-те ер адамның, сағат 18: 44-те ұл баланың денесін тауып, судан шығарды. Іздеу жұмыстарына Атырау облысы ТЖД-ның 4 қызметкері, 1 жүзу құралы, Атырау облысы полиция департаментінің 10 қызметкері, 2 техникасы жұмылдырылды. Атырау облысы ТЖД-ның қоғаммен байланыс тобы

Айта кетсек, марқұм әкелі-балалы екеу арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі