Алматы облысы мен қаланың өрт сөндірушілері даладағы алапат өртті сөндіріп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Алдын ала есеп бойынша, өрт шалған аумақтың көлемі - 10 гектар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 13-33-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің шұғыл байланыс желісіне Іле ауданындағы Первомайск тоғаны маңындағы өндірістік аймақта қураған шөптер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Zakon.kz тілшісі де будақтаған қара түтіні қаладан көрінген оқиға орнында болып, болған жайтты өз көзімен көріп қайтты.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында Боралдай ауылының №9 өрт сөндіру бөлімінің 5 қызметкері мен 2 техникасы , Өтеген батыр ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 техникасы, Алматы қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және №19 өрт сөндіру бөлімінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмыс істеді. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сурет: Zakon.kz

Өрт шалған аумақтың алдын ала есептелген көлемі - 10 гектар.

Далаға тасталған қоқыстар да өрттің өршуіне түрткі болған.

Сурет: Zakon.kz

Сағат 15-28-де өрт ауыздықталып, оқшауланды.

Сурет: Zakon.kz

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды