Кентауда екі адам арасындағы жанжал өлімге ұласты

Сурет: Түркістан облысы, Полиция департаменті
Кентауда құрылысы аяқталмаған нысандардың бірінің орнынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Бір күннен кейін полицейлер Алматыда кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады. Ол бұрын тонау үшін сотталған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Алдын ала тергеу барысында белгілі болғандай, дүкендердің бірінің жанында екі жас есік алдында соқтығысып, соның салдарынан олардың арасында ауызша жанжал шыққан. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші мәселені шешу үшін Range Rover көлігімен көрсетілген дүкенге оралған. Кейін жанжал аяқталмаған нысан аумағына өтіп, жанжал төбелеске ұласып, нәтижесінде күдікті жәбірленушіні пышақтап, қылмыс орнынан бой тасалаған.Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. 18 тамызда Түркістан облысында әйелін балаларының көзінше өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда дәрігер бір қабылдауда науқасты қарап, рецепт жазып, анықтама бере алады

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қазақстандықтар 2026 жылғы желтоқсанда неше күн демалады

Ер адам мәйітханада "тіріліп", темекі сұрады: оқиға видеоға түсіп қалды

"Заң мен тәртіп": Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілер "Антипараквест" ойынына қатысты