Ақтөбеде жеделсатыны бүлдірген үшеу ұсталды
Сурет: pixabay
Ақтөбеде әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында жас жігіттердің көпқабатты тұрғын үйдегі жеделсатыны қасақана бүлдірген сәті түсірілген бейнежазба анықталды. Оқиға 18 қарашаға қараған түні Ақтөбе қаласындағы 11-шағын ауданда болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнежазбада жеделсатыға мінген үш жігіттің бірі есікті аяғымен бірнеше рет теуіп, жұдырығымен ұрғаны көрінеді. Салдарынан жеделсаты есігі зақымданып, тұрғындар оны уақытша пайдалана алмай қалған.
"Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын жедел анықтап, оларды полиция бөліміне жеткізді. Тексеру барысында жеделсатыны бүлдірген азаматтың осы үйдің 26 жастағы тұрғыны - Бекзат Құрақбаев екені анықталды. Оған және Ақтөбе облысының тұрғындары, 25 жастағы Азамат Торымов пен 26 жастағы Саламат Жолдыбайға қатысты үш әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар жинақталды. Атап айтқанда, қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүру, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық деректері бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. Сот шешімімен үш азамат та әкімшілік қамаққа алынды. Жеделсатыны тепкілеп, бүлдірген жігіт 10 тәулікке, ал оның екі серігі 5 тәуліктен әкімшілік қамаққа жабылды". Ақтөбе қалалық ПД баспасөз қызметі
Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтауға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript