Шахтинскідегі саябақты бүлдірген жасөспірімдер анықталды

Шахтинскідегі саябақты бүлдірген жасөспірімдер анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 09:32 Сурет: pexels
Шахтинск қаласының орталық саябағындағы қоғамдық дәретхананың есігін бүлдіріп, қабырғаларға әдепсіз жазулар жазған жасөспірімдер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, саябақтың мүлкін бүлдіргендер – колледжде оқитын екі студент. Олар 2009 және 2011 жылдары туған.

"Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық жұмыс жүргізілді", – деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция оларға қоғамдық мүлікті бүлдірудің салдары мен жауапкершілігін түсіндірді. Жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

Бұған дейін Астанада полицейлер жерасты өткелдерінің қабырғаларына жазу жазған кәмелетке толмағандарды анықтаған еді. Олардың ата-аналары да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: