Алматыдағы жолдардың бірі тау тастарының құлауына байланысты жабылады

Жол жабылады, Алматы, тас, құлау, 23 қараша, Алма-Арасан, экологиялық бекет, Нұрбота, дүкені, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 21:49 Сурет: t.me/AlmatyJoly
Алматыда тас құлау қаупіне байланысты 23 қарашадан бастап экологиялық бекеттен бастап "Нұрбота" дүкеніне дейінгі Алма-Арасан көшесінің бөлігі бір айға уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шектеу жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тас құлау қаупінің алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстарға байланысты енгізіледі.

"Аталған учаскеде тау жыныстарының опырылуы және диаметрі 2,5 метрге дейін жететін ірі тастардың құлауы тіркелген. Бұл көлік жүргізушілері мен тұрғындарға, сондай-ақ жақын маңдағы инженерлік желілерге қауіп төндіреді. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін мамандар қауіпті тастарды бақыланатын тәсілмен төмен түсіріп, аумақтан шығарады. Сонымен қатар тау беткейін нығайту жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс кезінде тұрғындар мен көлік жүргізушілеріне келетін қолайсыздықты барынша азайтуға баса назар аударылады. Мүмкіндігінше, демалыс күндері жол қозғалысына қосымша салмақ түсірмейтіндей етіп жұмыс кестесі жоспарланады. Жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін жол уақытша жабылады", делінген ресми хабарламада.

Тұрғындар мен көлік жүргізушілерінен уақытша шектеуге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алу сұралады.

Бұған дейін Астанада Қордай мен Сәтбаев көшелерінің арасындағы жол учаскесі ұзақ уақытқа ішінара жабылатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: