ШҚО-да өртеніп жатқан үйден ерлі-зайыптыларды екі жігіт аман-есен алып шықты

Сурет: ШҚО ТЖД
10 қыркүйекте сағат 02: 00-де Риддер қаласында  Семипалатинская көшесінде өрт шықты. Жеке үйдің ауласында Volkswagen Golf көлігінің бөлшектері отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызыл жалын үйдің кіре берісіндегі қосалқы сарайдың ағаш тіреуіштеріне, тұрғын үй мен шаруашылық нысанның шатырына да жартылай ұласқан, деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан екі адам – Самат Берік пен Алексей Лещенко үй ішіндегі ерлі-зайыптыларды далаға аман-есен алып шыққан.

Оқиға орнына тоғыз өрт сөндіруші келіп, жалпы ауданы 35 шаршы метр отты сөндірді.

Өрттің алдын ала себебі – қауіптілігі жоғары агрегатты қолдану кезіндегі жазатайым жағдай.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты