Көкжайлау шатқалындағы өрт сөндірілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Таулы жер болғандықтан, Көкжайлаудағы өртті сөндіру қиындық туғызды. Бұл туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствода Көкжайлау шатқалындағы өртті сөндіруге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазәуеқұтқару" тікұшағы жұмылдырылғанын, ол құтқарушыларды өрт орнына – 1720 м биіктікке жеткізгенін атап өтті.

Көкжайлау шатқалындағы өрт 13:03-те оқшауланып, 13:28-де сөндірілді. Өрт ауданы белгіленіп жатыр. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамынан 56 адам, 13 бірлік техника, ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы, "Қазавиаорманкүзеті" АҚ 6 адам, 55 мемлекеттік инспектор, Іле-Алатау МҰТП қызметтік ат патрулі жұмылдырылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты