Хакерлер Қазнетке шабуыл жасады

Сурет: freepik
Интернеттің қазақстандық сегментіне бірнеше күннен бері кибершабуыл жасалып жатыр. Бұл жөнінде 28 қыркүйекте "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына да, Қазнеттің инфрақұрылымына да бағытталған. Кибершабуыл салдарынан интернет байланысында іркіліс болып жатыр. "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ

"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ ұзақ мерзімді кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан әлеуметтік оқиғалармен байланысты деп болжап отыр.

Қыркүйектің 28-і күні таңертең қазақстандықтар интернеттегі ақауға шағымданды. Редакция тілшісі түсініктеме алу үшін байланыс операторларының баспасөз қызметіне хабарласты. Олар қалыпты жұмыс істей бастағанын айтты.

Алматы және Атырау әуежайларындағы интернет істемей қалғандықтан, жолаушыларды қолмен тіркеген, соның салдарынан рейстер кешігіп ұшты.

25 қыркүйекте Мемлекеттік техникалық қызмет интернеттің қазақстандық сегментіндегі ауқымды DDoS-шабуылдардың тіркелгені туралы хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады