Қарағандыда бәзбіреу ойыншық мылтықпен клубты тонап, 4 миллионға жуық ақшаны алып кеткен

Қарағандыда ойын клубы тоналды. Zakon.kz-ке облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ойыншық мылтықпен қорқытқан тұрақты тұтынушы мекеменің кассасынан 4 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен.

30 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында Қарағанды ​​полиция басқармасының Жедел басқару орталығына ойын клубтарының бірінің ғимаратында қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

Бұл клубтың қызметкерлері тұрақты тұтынушылардың бірі күтпеген жерден тапаншаға ұқсайтын затты тартып алып, кассадан ақша беруді талап еткенін айтты. 3 миллион 900 мың теңгені тартып алған шабуылшы оқиға орнынан бой тасалаған.Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицияның айтуынша, күдіктінің кім екені анықталды. Ол 34 жастағы ер адам болып шықты, кінәсін мойындады.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексiнің 192-бабы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол қомақты соманы жоғалтып, ойын клубын тонау арқылы материалдық шығынын өтеуге бел буған.

Ол үшін ер адам алдын ала ойыншық мылтық сатып алған. Онысы айғақ зат ретінде алынды. Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қарағанды
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: