Алматыда АҚШ-тан есірткі алдырып, сатпақ болғандар ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қаланың Авиациялық көлік прокуратурасымен бірлесіп, аса ірі мөлшердегі есірткі контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сай, 2 қазан күні Алматы қаласында қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алған Алматы қаласының тұрғындары ұсталды.

Олардан жалпы салмағы 648,98 гр "марихуана" мен жалпы салмағы 675,65 гр "гашиш" есірткі заттары табылып, тәркіленді. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Олар есірткіні Қазақстан аумағына Telegram мессенджері арқылы сатуды жоспарлаған.

Тінту барысында электрондық таразылар мен өлшеп орауға қажетті басқа да құралдар табылды.

Қазір тергеу жүріп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады