Астана су қоймасынан жоғалып кеткен екі балықшының денесі табылды

Астана су қоймасынан құтқарушылар екі балықшының денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 қазанда 1972 және 1975 жылғы Теміртау қаласының екі тұрғыны моторлы қайықпен балық аулау кезінде белгісіз жағдайда жоғалып кетті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 6 адам және бір техника, бір жүзу құралы, полиция департаментінің жеке құрамынан 2 адам және 2 техника, жергілікті атқарушы органдар, төрт волонтер және екі техника, стационарлық эхолотпен жабдықталған екі жүзу құралы жұмылдырылған. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жоғалған екі балықшының бірінің денесі кеше, 11 қазанда табылды. Ал екінші балықшы - 1972 жылғы ер адамның денесі жағадан 500 метр қашықтықтан көлдің түбінен табылды.

Ақмола облысының ТЖ Департаменті балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады, бұл арада бастысы – мас күйінде балық ауламау және суда болған кезде арнайы қауіпсіздік киімін кию.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: