20 цистерна сұйық отын еріткіш зат ретінде көрсетіліп, елімізден шығарылмақ болған

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2022 жылғы 8-11 қазан аралығында ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысының "Жайық" темір жол өткізу пунктінде еліміздің аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз шығарудың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанар-жағар май тиелген 20 теміржол цистернасы битумдық лактарды еріткіш "Уайт-спирит" ретінде көрсетіліп, жүкке арналған темір жол құрамдарымен тасымалданған.

Ұсталған жүк құзыреті бойынша процессуалдық шешім шығару үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Шекара қызметі Қазақстандағы бензин, дизел отыны мен мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің шығарылуына уақытша шектеулер қойылғанын еске салады.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті