Ақмола облысында ер адам өртеніп жатқан үйден екі баланы аман алып шықты

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысының Қоянды ауылында үй өртеніп, екі бала тірідей жанып кете жаздады. Үйде қараусыз қалған екі және үш жастағы қыздарды қызыл жалын ішінен көршісі аман алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үлкендердің ешқайсысы үйде болмаған кезде өрт тұтанған. Терезеден шығып жатқан түтінді жақын маңда экскаватормен жер қазып жатқан Талғат Жексембеков байқап қалады, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Асыға жеткен Талғат Жексембеков есіктің аузындағы қара құлыпты көреді, ол оны бұзуға мәжбүр болды.

Үй жабық тұр, іштен жылаған балалардың дауысы естіледі. Түтін ғой, еңкейіп қарасам, кереует тұр екен, ол жанып жатыр, оның үстінде балалар жылап отыр. Қолымды созып едім, жұмсақ нәрсе қолыма тиді, балалардың бірінің басы екенін ұқтым, бірден оны көтеріп алдым. Сөйтіп сыртқа ұмтылдым. Есіктің жанына келгенде аяғым шалына бастады. Түтіннен болуы керек. Талғат Жексембеков

Талғат қызды көтеріп алғанда екінші бала олардың артынан жүгірген. Екі бала да ауруханаға түсті. Беті мен аяқ-қолы күйген.

Төтенше жағдай кезінде қыздардың әкесі жұмыста болғаны белгілі болды, ал анасы күйеуіне түскі ас апарып беруге кетіпті. Мұның арты бұдан да жаман болар ма еді, өйткені үйде газ баллондары болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт сіріңкемен ойнағаннан туған.

Талғат Жексембековтің өзі Қараөткел ауылында тұрады. Біреудің жаман жағдайға тап болғанын көре тұра, еш әрекет етпеуге ер адам дәті бармайтынын айтты. Өйткені оның өзі де әке. Дегенмен оның балалары әлдеқашан ер жетіп кетіпті.

Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырған ата-анаға әкімшілік айыппұл салынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты