Көктайғақ, боран: Қызылжарда қалың қар жауып, адамдар әбден әбігерге түсті

Сурет: Zakon.kz
23 техника жолдарды тазалауға шықты, тағы 19-ы тротуарлардағы қарды күреуде. Үш арнайы көлік жолдарға көктайғаққа қарсы ұнтақ төкті, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 қарашада Петропавлда қар тоқтаусыз жауа бастады, түні бойы да дамыл таппады. 5 қарашада қалада боран соғып, қар ұшқындап, көктайғақ орын алды, салдарынан жолдарда 10-нан астам жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазір Петропавл көшелерінде қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жауған қардың қалыңдығы - шамамен 7 мм.

Өкінішке қарай, қолайсыз ауа райына байланысты бір күнде қалада 14 жол-көлік оқиғасы орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір ауа райы бұзылып, көше көктайғақ болып жатыр. Сондықтан қала тұрғындарынан жолда мұқият әрі абай болуды сұраймын. Петропавл қаласының әкімі Руслан Янбаев

СҚО ПД мәліметтері бойынша, таңғы сағат 8-ден бастап ЖКО бойынша бес өтініш келіп түскен, жол апаты туралы хабарламалар әлі де келіп жатыр.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды