СІМ Мәсімовте Венгрия азаматтығы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сурет: gov.kz
Бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің Венгрия азаматы деген төлқұжаты болғаны хабарланған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратқа қатысты ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко пікір білдірді.

"Сізге айтарым, Венгрияның бізге хабарлағанындай, бізде оның басқа азаматтығы бар екені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Дәлірек айтқанда, Мәсімов мырзаның мұндай азаматтығы болмаған", - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне қосымша ақпарат келмеген.

2022 жылдың 6 қаңтарында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

14 наурызда бас прокурор Берік Асылов ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.

18 қарашада Астанада Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталды. Іс «өте құпия» деп танылып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды