Боранға байланысты Үшарал – Достық тас жолы жабылды

Сурет: pixabay
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Үшарал-Достық тас жолының жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 қарашада сағат 14:30-дан бастап Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігі шектеулі) Үшарал - Достық тас жолының 84-184-ші шақырымы, атап айтқанда, Көктұма-Достық стансалары учаскесі барлық автокөлік қозғалысы үшін жабылды.

Осыған байланысты облыстық ТЖД азаматтарға осы бағытқа сапарға шығу жоспарын кейінге қалдыруға немесе одан бас тартуға кеңес береді.

Сонымен қатар, департамент қызметкерлері 112-ден келіп түскен SMS-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға кеңес береді.

"Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда көмек болатын барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүру керек". Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым бөлігі бойынша қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды