Қазақстанның бес өңірінде рейстік автобустардың жолға шығуына тыйым салынды

Сурет: pixabay
Сынап бағанының күрт төмендеуіне байланысты еліміздің бес өңірінде жолаушылар автобустары мен дизель отынымен жүретін көлік түрлерінің қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында -32 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі. Сондықтан сағат 19: 00-ден бастап осы өңірлерде шектеулер енгізілді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі нақтылап өткендей, Жетісу облысында Абай облысындағы температураның күрт төмендеуіне байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 558-615 шақырымы аралығында, яғни Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскеде дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер мен жолаушылар автобустарының қозғалысына шектеу енгізілді.

Павлодар облысында Омбы-Майқапшағай тас жолының 426-587 шақырымы аралығы, яғни Павлодар қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесі белгілі бір көлік түрлері үшін жабық.

Қарағанды облысында Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолының 249-320 шақырымы, яғни Бүркітті ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі арылығы жабық.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме