Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты тағы екі тас жол жабылды

Сурет: pixabay
Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты Байгеқұм ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ нақтылап өткендей, шектеу енгізілген жол уаскелері "Самара-Шымкент" тас жолына қатысты.

Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, жел, ауа температурасының төмендеуі) “Алматы-Өскемен” тасжолының Жоламан ауылынан Сарқан қаласына дейінгі аралығында тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің және жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың қозғалысы шектелді, делінген хабарламада.

Алдында "Самара-Шымкент" тас жолының 1803-1912 шақырым аралығында, яғни Қызылорда қаласынан Байгеқұм ауылына дейінгі учаскеде ауа райының нашарлауына байланысты шектеу енгізілгені хабарланған.

Қызылорда
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты