ШҚО-да бес адамы бар көлік суға батып, 72 жастағы әйел қаза болды

Сурет: pixabay
Бүгін, 6 желтоқсанда сағат 19:44-те Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында қайғылы жағдай болып, жеңіл көлік суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көлікте бес адам болған. Салдарынан 1950 жылы туған әйел адам суға батып қаза болды.

Қайғылы оқиға болған аумақта мұзға шығуға тыйым салынғаны туралы белгі қойылған.

"Су айдындарындағы мұздың қалыңдығы біркелкі емес. Жағалауға, қамыс пен өсімдік жамылғысының айналасына қар жиналады. Автокөліктердің қауіпсіз өтуі үшін мұз жамылғысының қалыңдығы - кем дегенде 30 см, жүк көлігі үшін автомобильдің салмағына байланысты 70 см-ден кем болмауы керек", - дейді ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы барды.Төтенше жағдайлар министрлігі көлікпен мұз үстіне шығу қауіпті екенін тағы еске салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді