Зергерлік бұйымдар контрабандасы үшін ер адам 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: pixabay
Нұржан Сұраповқа қатысты 7 мыңнан астам зергерлік бұйымдарын тәркілеп, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды. Зергерлік бұйымдардың салмағы - 28 келі, мемлекет кірісіне - 565 млн теңге, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Астана қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі департаменті Нұржан Сұраповқа қатысты экономикалық контрабанда: Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы аса ірі көлемдегі тауарларды өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберген еді.

26 қазанда Астана халықаралық әуежайында Стамбул-Астана рейсінде алтын бұйымдарды тасымалдамақ болған ер адам ұсталды.

Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған "зергерлік бұйымдар мен сағаттардың" жалпы кедендік құны 565 миллион теңге немесе 1 миллион 200 мың долларға жуықтады.

23 шілдеде америкалық азамат Алматыдан Стамбулға алтын алып өтпек болған. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кедендік зертханасы жүргізген сараптама қорытындысы бойынша табылған тауарлар тазартылған алтын болып шықты.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді