Тараз локомотив депосының жұмысшылары жалақыны көтеруді сұрап, наразылық білдірді

Сурет: Zakon.kz
13 желтоқсан күні таңертең "Қамқор локомотив" ЖШС Тараз локомотив депосының жұмысшылары жұмыстан шығып, наразылық акциясын ұйымдастырды. Қазір депо жұмысшылары айына 70 000 теңге алады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ал цехта бір ауысым 12 сағатқа созылады. Олар кәсіпорын басшылығынан жалақыны көтеріп, әлеуметтік сыйлықақы төлеуді талап етіп отыр.

Әлеуметтік желіде жергілікті блогерлер түсірген видеолар пайда болды.


Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің айтуынша, қазір көлік прокуратурасы мен қалалық әкімдік өкілдері аталған жерге аттанған.

"Қызметкерлер мереке күндеріне байланысты жалақы мен сыйақыны көтеруді талап етіп отыр. Кәсіпорын басшылығымен келіссөздер нәтижесінде қандай шешім қабылданатынын біз міндетті түрде хабарлаймыз. Әзірге бұл мәселемен айналысып жатырмыз деп айта аламыз", - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Кәсіпорын басшылығы жұмысшылардың талабына әлі жауап бермей отыр. Тілшілер компания басшылығына да хабарласа алмаған.


Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті