Берлиндегі қонақ үйде алып аквариум жарылып, көшені су алды

Сурет: видеодан скриншот
Берлинде Dom Aquarée қонақ үйінде үлкен аквариум жарылып, жақын маңдағы көшені су басып қалды, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Неміс бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, 16 метрлік аквариумдегі су кафеге қарай атылып, ондағы мүлікті бұза-жара, сыртқа қарай ағылған. Су тасқынынан жақын маңдағы көшені жабуға тура келген.

Аквариум неден жарылғаны әлі белгісіз. Бірақ оны қалпына келтіру мүмкін емес екені анық.

Оқыс оқиға салдарынан 100 түрлі 1500-ге жуық балық жан-жаққа шашылып қалды.

Апат кезінде қонақүйде 350-ге жуық адам болған. Қонақ үй қонақтары басқа жаққа көшу үшін сөмкесін жинап жатыр. Екі адам зардап шекті.



Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды