Минскіде тұрғын үй өртеніп, 6 адам қаза тапты

Сурет: Telegram/mchs112by
Минскіде 17 желтоқсанда тұрғын үйден өрт шықты. Өртенген пәтерлерден 6 адам табылды, оның ішінде бір бала бар. Дәрігерлер олардың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Беларусь Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында жалпы ауданы 40 шаршы метрге жуық екі пәтерде өрт шыққан.

Құтқарушылар 12 адамды, оның ішінде 3 бала эвакуациялады. Барлық құтқарылғандар жедел жәрдем бригадаларына тапсырылды. Дәрігерлер алдын 3 адамды ауруханаға жатқызды.

Сондай-ақ тұрғын үйдің пәтерлерінен тағы 10 адам эвакуацияланды.

Өрттің себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Беларусь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін