Ақтөбедегі жол апаты: қажет болған жағдайда Астанадан мамандар шақырылады

Сурет: facebook.com/yerzhan.baitanayev
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жол апатынан зардап шегіп, ем алып жатқан 8 баланың жағдайын білу үшін облыстық балалар ауруханасына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің өкілі Ержан Байтанаевтың хабарына қарағанда, облыстық балалар клиникалық ауруханасында өңір басшысына жан сақтау бөліміндегі бес баланың жағдайы туралы баяндалды. Барлығы ауыр жағдайда.

Үш баланың жағдайы орташа, олар хирургиялық бөлімде ем алып жатыр.

Өңір басшысы балалардың  ата-аналарымен кездесіп, зардап шеккендерге жан-жақты медициналық көмек берілетінін және олардың жағдайы тәулік бойы бақылауда екенін айтты.

Ералы Тоғжанов денсаулық сақтау басқармасының басшылығына балаларға жоғары білікті медициналық көмек көрсетуді тапсырды. Қажет болған жағдайда Астанадан мамандар шақырылады.

Еске салайық, 2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Estima автокөлігі аударылды.

Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болған. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбеге волейболдан жарысқа қатысуға шыққан. Салдарынан 1 бала апат болған жерде көз жұмды, қалған 8-і Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. 5 бала мен жаттықтырушы реанимацияда, қалған 3 бала палатада ем алып жатыр. Ал жүргізуші аман-есен, ол қамауға алынған.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды