Ресей іздеген күдікті Қазақстанда ұсталды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 09:09 Фото: pexels
Ақмола облысында полицейлер Ресей аумағында жасалған қылмысқа күдікті азаматты ұстады. Бұл туралы 2026 жылғы 13 наурызда өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстан аумағында да, көршілес мемлекеттерде де қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматтарды анықтау жұмыстарын жүргізген.

"Аршалы ауданында полицейлер 2024 жылдың қазан айынан бері ресейлік әріптестері іздеп жүрген күдіктіні ұстады", – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Анықталғандай, 2024 жылы Қазақстан азаматы Ресей аумағында мас күйінде автокөлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасын жасаған.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда күдікті жасырынып, Қазақстан аумағына қайтып келген. Кейін Ресей ІІМ Свердлов облысы бойынша Бас басқармасы оны іздеуге жариялаған. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 3 наурызда Алматы облысында 2006 жылы жасалған адам өлтіру қылмысы ашылғаны белгілі болды. Үшінші күдікті 19 жылдан кейін анықталып, сотталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: