Екібастұзда автокөлігі бар гараж өртеніп кетті

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Екібастұзда ішінде автокөлігі бар гараж өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға кеше, 17 желтоқсанда болған. Өрт туралы хабарлама 22:57-де түскен.

Беркімбаев көшесі, 191 мекенжайы бойынша гараж өртенді. Өрт ғимараттың ағаш шатырын шарпыды. Гараждың өзі екі қабатты тұрғын үйге жалғастырыла салынған.

"Өртті жалпы аумағы - 100 шаршы метр, үш бірлік техника мен жеке құрамнан 12 адам жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ". Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Гараждың ішінде Mazda көлігі болды. Ол толығымен өртеніп кеткен.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған