Алматылықтарды ТікТок арқылы алдаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Әлеуметтік желіде алаяқтық жасаған Қарағанды ​​облысының азаматы ұсталды. Ер адам кемінде 12 алматылықты алдады деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ТікТок видеохостингі арқылы жүргізуші куәлігін рәсімдеймін деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемденген. Оның үстіне “қызметінің ақысын” қолма-қол ақша түрінде де, электрон аудару арқылы да алған.

"Жедел іс-шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның осыған ұқсас 12 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді", – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев деп жазды Polisia.kz.

Сонымен бірге тәртіп сақшылары алданғандардың көп болуы мүмкін екеніне сенімді.

Ұсталған адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды полиция қызметкерлері мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8-775-663-94-36; 8-705-630-30-00.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды