Алматы облысында алматылық жігіттен 9 келіден астам мефедрон табылды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қарасай ауданы аумағында полиция қызметкерлері Алматы қаласының 20 жастағы тұрғынынан психотроптық зат салынған 18 пакетті тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, полиция қызметкерлерінің назарына күдік тудырған ер адам ілінген. Ол жиі тоқтап, жан-жағына жалтақтаумен болған.

Құжаттарын тексергу кезінде күдікті дірілдей бастаған. "Тыйым салынған заттар бар ма?" деген сұрақ қойылғанда жас жігіт жалға алған көлігінде синтетикалық есірткі бумаларын жасырып қойғанын бірден мойындады.

Автокөлікті тексеру барысында ішінді ұнтақ зат бар 18 бума табылып, тәркіленді.

Бұл факті Қарасай ауданы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1 және 3-тармақтары бойынша ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу тергеу бөліміне жүктелген.


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды