Астаналықтар жарығы жоқ жолды жауып тастады

Сурет: Zakon.kz
Елорда тұрғындары жолды неліктен жауып тастағанын Астана полиция департаменті түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 желтоқсан күні сағат 17:50 шамасында Toyota Highlander автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесімен келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналында жолды кесіп өтіп бара жатқан баланы қағып кетті.

Оқиға салдарынан 8 жасар бала қалалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне шығарылды. Бұл факті бойынша қазір тергеу жүріп жатыр.

Бірақ бұл жағдайдан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жолды жауып, жол-көлік оқиғасына көшеде жарықтың жоқтығы себеп болғанын алға тартты.

Жиналған жұртпен сөйлестік. Бұл учаскені жақсарту бойынша жол жұмыстарын жүргізу қажет екені туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға ұсынылды. Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды