Ақтөбе облысында шахтада жұмысшы қаза тапты

Сурет: pxhere
48 жастағы электр маманы Ақтөбе облысындағы "Юбилейное" кен орнындағы шахтада қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмысшыны жүк таситын техника басып кеткен, деп мәлімдеді КТК арнасының тілшісі.

Еңбек инспекторларының сөзінше, электр маманы шахтадағы желдеткіш жанында кабель жөндеп жатқан. Жүк көлігінің келіп қалғанын аңғармаса керек. Ал ауыр техниканың жүргізуші де жолындағы адамды байқамағанын айтқан.

Мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

"48 жаста, инженер болып істейді екен, электрик. Жөндеу жүргізіп жатқанда осындай жағдай болып отыр. Жүк көлігі басып кеткен. Тергеп-тексеру жан-жақты жүріп жатыр.Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Есқарин

Қайғылы оқиға болған шахта АltynEx Company кәсіпорнына қарайды. Қазір Мұғалжар ауданындағы кен орнында тексеру жүріп жатыр.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысындағы өндіріс орындарында 68 оқыс оқиға болып, 13 жұмысшы қаза тапқан.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді