Ақтөбеде қаза тапқан баланың құрметіне еске алу бұрышы пайда болды

Сурет: instagram/zello.poisk
Ақтөбедегі "Үміт" балалар үйінің ауласына екі күн бұрын жоғалып, бүгін мәйіті табылған 4 жасар Данил Ухановты еске алу бұрышы орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындар баланы еске алуа арналған бұрышқа гүл мен ойыншық әкеліп жатыр.

"Біз бұл үшем баланы туғаннан білеміз. Отбасында болған кезде де, балалар үйіне келгенде және оларды әкесіне қайтарған кезде де біз оларға көмектестік. Биыл да Данилге сыйлық дайындап қойып едік, бірақ қандай қайғылы оқиға болғанын білесіздер. Біз "Үміт" үйінле баламен қоштасайық деп шештік, ол мұнда өмір сүрген кезде бақытты болды. Данил тыныш және ақкөңіл бала болды. Ол бізді көргенде әрдайым қуанатын, секіретін, жүгіретін, күлетін", - деді Zello Poisk волонтеры Екатерина Голотина "Диапазон" басылымына.


Сурет: instagram/zello.poisk

Еске салайық, Ақтөбеде 28 желтоқсан күні 2018 жылы туған Данил Ахунов есімді бала жоғалып кетті. Полиция із-түзсіз жоғалған баланың мәйітін 30 желтоқсанда тапқанын, оның денесінде зорлықпен өлтіру белгілері бар екенін хабарлады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды