Ақтөбеде жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі күйінде табылды

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған 4 жасар бала өлі күйінде табылды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция із-түзсіз жоғалған 2018 жылы туған Данил Ахуновтың зорлықпен өлтіру белгілері бар мәйіті табылғанын мәлімдеді.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді. Ақтөбе облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Ғалым Байжанов
28 желтоқсанда Ақтөбеде 2018 жылы туған Данил Ахунов есімді бала жоғалып кетті.
Бөлісу
0
Толық оқу