Қазақстанда үш күн ішінде жол апатынан 9 адам қайтыс болды

Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпарат бойынша, 2023 жылдың алғашқы 3 күнінде жол-көлік апатынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы116 адам апаттан зардап шеккенін мәлім етті.

"оның ішінде 26 бала, 3 жүкті әйел бар, 76 адам стационарға жеткізілді, 9 адам қаза тапты".ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері жолдарда зардап шеккендердің барлығына амбулаториялық және стационарлық деңгейде білікті медициналық көмек көрсетілетінін атап өтті.

Бұған қоса ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының қолайсыздығынан мыңнан астам көлік блок-бекеттерден өте алмай тұрғанын хабарлаған еді.


"Жолдардағы төтенше жағдайды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осыған ұқсас штабтар өңірлерде (Абай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Жетісу облыстарында) жұмыс істейді. Блок-бекеттерде мыңнан астам автокөлік жиналды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды

Басып озамын деп басына қауіп төндірді: Ақтөбеде 11 жүргізуші жауапқа тартылды

Магистратура грантына кімдер таласа алады